Алматыда футболдан ҚР Президенті кубогы үшін халықаралық турнир өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда футболдан 1996 жылы туған бозбалалар арасында ҚР Презеиденті кубогы үшін 5-халықаралық турнир басталды.

Онда Қазақстан, Венгрия, Түрікменстан, Армения  футболшылары  «А» тобында, ал  Түркия, Әзірбайжан, Иран, Грузия командалары «Б» тобына өнер көрсетуде.

Түркия мен Иран аяқдопшылары  арасындағы ойынмен басталған бұл бәсеке  2:3 есебімен аяқталды. Одан кейін әзірбайжандар  грузиндерді 1:0 есебімен ұтса, мажарлар армяндарды 5:0 етіп ойсырата жеңді. Жарыстың алғашқы ойын күні енді  Қазақстан мен Түрікменстан құрамаларының ойынымен аяқталмақ.

Ертең Иран мен Грузия, Түркия мен Әзірбайжан, Армения мен Түрікменстан, Қазақстан мен Венгрия командалары өзара күш сынасады. Арғы күні олар бір күн тынығып, 1мамырда топтық сынның ақтық ойындарын өткізеді. Содан кейін 2 мамырда финалдық ойындар болады.