Алматыда футболдан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны өтеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда тамыздың 9-13 күндері футболдан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Бас бапкер Бернд Шторк жиынға шақырылатын спортшылардың тізімін жариялады. Оған қақпашылардан - Александр Мокин («Ордабасы»), Мұрат Мұқашев («Тараз») пен Александр Петухов енген.  Қорғаушылардан - Дамир Даутов, Ренат Абдулин («Локомотив»), Александр Кислицын, Иван Шевченко ( «Шахтер»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Илья Фомичев («Тараз»), Фархадбек Ирисметов («Тобыл»), Александр Киров («Атырау»), Вячеслав Эрбес («Восток») бар. Жартылай қорғаушылардан  мұндай мәртебеге - Сергей Скорых, Руслан Балтиев, Сабырхан Ибраев, Азат Нұрғалиев («Тобыл»), Андрей Карпович, Жамбыл Көкеев ( «Локомотив»), Андрей Травин («Жетісу»), Ұлан Қонысбаев («Тараз») пен Евгений Аверченко («Ақтөбе») ие болды. Ал шабуылшылар арасынан - Мұрат Тілешев, Николай Забродин ( «Ақтөбе»), Сергей Хижниченко («Восток»), Денис Малинин («Ертіс»), Гейсар Алекперзаде («Тобыл») бас бапкердің назарына ілігіп отыр.  Бернд Шторк бұған дейін 2010 жылғы Әлем чемпионтының іріктеу кезеңіндегі Англия мен Беларус  құрамаларымен болған кездесуде Мұрат Тілешов, Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев  сияқты  ел біріншілігінің үздік  ойыншыларының көмегінен бас тартқан болатын. Отандық футбол мамандары мен  жанкүйерлері  тарапынан айтылған сыннан  шетелдік  бапкер бұл жолы сабақ алған сияқты.