Алматыда Г.Головкинді қолдаған флешмоб ұйымдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Доминик Уэйдтің жекпе-жегі қарсаңында BI Group қызметкерлері қазақстандық боксшыны қолдаған флешмоб ұйымдастырды.

«Ертең ұрыс, біз жанкүйер боламыз! Ертеңгі 21 және 41 шақырымдық Алматы марафонына біздің қатысушылардың орындауында флешмоб!!! Астанадан біздің 60 қызметкер ұшып келді!!!», - деп жазды BI Group басшысы Айдын Рахымбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Геннадий Головкин мен жеңілмеген американдық, IBF үміткері Доминик Уэйдтің ұрысы 23 сәуірде Лос-Анджелестің Forum аренасында өтеді. Астана уақытымен «Қазақстан» телеарнасындағы трансляция 24 сәуір күні таңғы сағат 7:00-де басталады.