деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Gala TV» продюсерлік орталығы 1994 жылы Галина Күзембаеваның жетекшілігімен ашылған болатын. Орталық 15 жыл ішінде «Хабар» арнасынан «Тілашар», «Хабар- жер», орыс тіліндегі «Делу время», «Лучше быть здоровым», «НЭП, финансы», КТК арнасынан «Экспертиза», 31 арнадан «Знак» бағдарламаларын, көптеген деректі фильмдерді көрермен назарына ұсынып, телебағдарламалардың өзіндік шеберханасына айналды. Әлемдік, халықаралық байқауларда жүлдегер атанды. Орталықтың жетекшісі, қазақ тележурналистикасы шеберлерінің бірі Галина Күзембаева 2006 жылдың 2 наурызында өмірден өткен болатын.
Бүгін жаңа аллеяның ашылуына продюсерлік орталықтың қызметкерлері, Галина Күзембаеваның шәкірттері, белгілі тұлғалар қатысып, естеліктерімен бөлісті. ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, «Gala TV» телебағдарламалар жасауда үлкен мектепке айналған орталықтың бірі.
«Галина Күзембаева Қазақстандық журналистиканың, Қазақ телевидениесінің қалыптасуына елеулі еңбек сіңірген тұлға еді. Бүгінде арамызда жоқ болса да, оның бейнесі, еңбегі ұмытылмайды», дейді С.Матаев.
Шараға жиналғандар аллеяға алғашқы ағаштарды екті. «Gala TV» продюсерлік орталығы қызметкерлерінің айтуынша, бұл аллея әрқашан олардың қамқорлығында болады.