Бастамашы топтың төрағасы, ҰҒА-ның президенті Мұрат Жұрынов бастамашы топ Қазақстанның барлық облыстарында жұмыс істеп, сайлаушылардың жартысынан көбі референдумды қолдағандығын айтады. «Нұр Отан» ХДП Қазақстандағы демократиялық күштердің жалпыұлттық коалиция құру туралы ұсыныс жасаған еді. Қазір осы ұсынысты еліміздің жұртшылығы қолдап, қызу талқылауда», -дейді М.Жұрынов.
Аталған шараға Әбдімәлік Нысанбаев, Карл Байпақов, Жексембек Әділов, Төлеген Қожамқұлов, Амандық Төлешов, Ерғали Шайфутдинов сынды академиктер қатысып, Елбасының тәуелсіздік алған жылдардан бері атқарған еңбектеріне тоқталып, Президентің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту қажеттігін сөз етті.