деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол «Нұрлы әлем» баспасынан жарық көрген. Құрастырушылары - ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы Болат Көмеков пен тарих ғылымының кандидаты Кенжегүл Төлепбаева.
Кітаптың алғашқы бөліміне Бәйдібек Ахметұлының өмірі мен қызметі туралы әріптестері, достары мен туыстарының естеліктері топтастырылған. Екінші бөлімге қайраткер, ғалым жайлы мақалалар, рецензиялар мен мерейтойлық баяндамалар жинақталған.