Алматыда 32 жастағы қала тұрғыны ұсталып, одан «ИЖ-79» маркалы газ тапаншасын әскери қаруға айналдырылған тапанша және калибрі 9 миллиметрлік оқтарымен бірге алынды. «БМВ-530» көлігінің жүргізушісі Алатау ауданындағы «Заря Востока» шағын ауданында ҰҚКБ және «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерімен қолға түсті, деп хабарлады Астанадағы брифингте Н.Ораз.
Қылмыстық іс қозғалды. Қару тәркіленіп, баллистикалық тексеруге жіберілді. Тұтқынға алу шарасы алынды.