Жиынды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оған үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік құрылым өкілдері, гендерлік саясат жөніндегі сарапшылар және ғалымдар қатысуда. Шақырылған қонақтар арасында Ұлттық комиссияның мүшесі Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі БҰҰ Әйелдер бағдарламасының субаймақтық кеңсесінің директоры Дамира Сартбаева, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ляззат Сүлеймен, «Нұр Отан» партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары Әсел Жүнісова, «Экомед» клиникасының жетекшісі Салтанат Байқошқарова, «Құрбылар» күйзеліс орталығының директоры Надежда Гладырь, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова, «Шырақ» әйелдер мүгедектігі қауымдастығының төрайымыЛяззат Қалтаева, Философия және саясаттану институтының директоры Зарема Шаукеновабар.
11:03, 05 Желтоқсан 2013
Алматыда гендерлік теңдік туралы республикалық конференция өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда Гендерлік теңдік жолында әйелдерге қатысты кемсітуді жою туралы республикалық конференция өз жұмысын бастады.