Айыпталушылардан, куәгерлерден сұрақ-жауап алынып жатыр.
Судьяның сұрағына ҚР Қарулы күштерін материалды техникалық қамту жөніндегі бас басқарманың басшысы Еділ Оразов куәгер ретінде жауап берді.
Айта кетерлігі, бұл іс бойынша генералдан басқа тағы да үш адам айыпталып отыр. Әскери мекеме ұйымдастырған тендерлік байқауларға қатысқан компаниялардың басшылары - А.Спицын, А.Қайырбаев, П.Титоренко ҚР ҚК 312 бабының 5 тармағы: «Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру, лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру» бойынша айыпталып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, генерал Бағдат Майкеевті 9 ақпанда Астанада ҰҚК қызметкерлері ұстаған болатын. Ол аса ірі көлемде пара алды деп айыпталуда.