«Медеу ауданындағы Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жылу жүйелерін гидравликалық сынау кезінде жердің бетіне ыстық су шықты. Ол адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жоқ»,- деп хабарлады «Алматы жылу желісі» ЖШС.
Айта кетейік, жылу желісі бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында жарылды. Оның температурасы 65 градустан асқан жоқ. Инженерлік-техникалық жұмысшылар жағдайды дер кезінде бақылауға алды.
«Жарылған құбырдың диаметрі 200 мм. Тозығы жеткен құбыр 1988 жылы төселген. Қазір мамандар істен шыққан жылу желісін ауыстырып жатыр»,- деп атап өтті компаниядағылар.
Бұған дейін «Алматы жылу желісі» кəсіпорны қаладағы құбырлардың гидравликалық сынаққа алынатынын хабарлаған болатын. https://www.kazinform.kz/kz/almatylyktarga-zhylu-zhelileri-ornalaskan-zherlerge-kolik-koymauga-kenes-berildi_a3830196
Гидравликалық сынақ қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің жағдайын бағалау және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.