Бұл жарысқа жаңа бағдарлама бойынша тегін үйреніп жүрген балалар қатыса алады. Турнир Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, гольфтан жаңа бағдарламаға сәйкес ақысыз ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының кәсіпқой бапкерлері 6-13 жас аралығындағы балалар арасында тегін шеберлік сабақтарын күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізеді. Әр жеткіншек өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, аптасына екі мәрте гольфпен шұғылдануға мүмкіндік алады. Бірінші топтың жаттығулары таңғы 8:45-те басталса, қалған топтар кестеде көрсетілген уақыт бойынша: 10:00, 14:30, 15:45 және 17:00-де өтеді.
Аталмыш кубок сағат 10:00-де «Нұртау» гольф-клубының маңында басталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдармен марапатталады. Айта кетер жайт, финалдық кезең қазанның 11-і күні өткен болатын.