«Төрелік сот орталығын басқаруды Үкімет іріктеген арнайы мамандандырылған ұйым жүзеге асыратын болады. Бұдан бөлек, ҚР Жоғарғы соты жанынан халықаралық кеңес құрылуы керек. Сотқа дейінгі істерді халықаралық стандарттарға сай қарайтын бұл кеңеске беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер тартылуы тиіс. Сонымен қатар, кеңес Жоғарғы сотқа қазақстандық әділсот жүйесін жетілдіру бойынша консультациялар береді», - деді Н. Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы азаматтық-құқықтық даулар бойынша соттарда прокурорлардың қатысуын азайту мәселесін де көтерді.