Алматыда грек-рим күресінен Шәміл Серіковті еске алуға арналған республикалық турнир өтті
13:04, 23 Желтоқсан 2013
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда 19-20 желтоқсан күндері грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы және 2 дүркін Әлем чемпионы Шәміл Серіковті еске алуға арналған республикалық турнир өтті.
Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі бұл жарысқа биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам жас палуандар қатысты. Аса тартысты өткен бәсекеде алматылықтардан Арслан Мырзахан (50 кг), астаналықтардан Жандос Жетпіс (60 кг) пен Самат Молдахметов (66 кг), қызылордалықтардан Сұлтанбек Шалабаев (74 кг) пен Еркебұлан Әлиев (120 кг), қарағандылықтардан Хусейн Муцольгов (84 кг), қостанайлықтардан Аян Біржанов (96 кг) және «Дәулет-Жаркент» клубынан Мұрат Бейімбет (55 кг) өз салмақтарында жеңімпаз атанды.