Алматыда "Ғылым ордасы" ашылады

АЛМАТЫ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 2011 жылдың қаңтар айында . Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Қазақстандық ғылымның дамуы: дәстүрлер мен келешектер" деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

"2010 жылы 11 ақпанда Үкімет қаулысымен "Ғылым ордасы" РМК құрылды. Ол қазыналық Ғалымдар үйі мен Орталық ғылыми кітапхананың бірігуі негізінде дүниеге келді. Оның негізгі жұмысының бағыттары - ғылыми-зерттеу, ғылыми білім, мұражай, кітапхана және мұрағат қызметтері. Бұдан бөлек ғылым мен білім саласындағы шаруашылық қызметіне де ерекше көңіл бөлінбек. Аумағы 40 мың шаршы метрлік "Ғылым ордасында" қазір құрылыс жұмыстары аяқталып келе жатыр", дейді "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Бораш Шенсізбаев.

Оның айтуынша, болашақта Алматыда өтетін конференция, конгресс, симпозиум сияқты үлкен ғылыми шаралардың бәрі осында өтпек.