Алматыда ғылыми зерттеу жоғары оқу орындарын енгізу тәжрибесіне арналған семинар өтті

АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Ұлыбританиялық сарапшылар «Ғылыми зерттеу жоғары оқу орындары (ЖОО) және инновация - британдық тәжiрибенiң Қазақстанда қолданудың мүмкiндiгi» тақырыбында жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорларына арналған семинар өткізді.

Аталған шараны British Council және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiнің қолдауымен ұйымдастырды.

Семинар қазақстандық жоғары оқу орындарында зерттеу үлгiлерін және инновацияларды еңгізудің өте тиiмдi стратегияларының талқылауына, трансфер технологиялардың негiзгi қағидаларымен танысу, сонымен қатар қазақстандық және британдық мамандардың арасындағы тәжiрибе алмасуға бағытталған. Семинарды QS World University Rankings рейтинг агенттiгiнiң аймақтық директоры Зоя Зайцева және Middlesex университетiнiң бiлiмдер және кәсiби дамытуының трансфер департаментiнiң директоры, жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу орталықтарын енгізу сарапшысы доктор Марк Грэй өткізді.

Қатысушылар семинар барысында Ұлыбританиядағы бастауыш зерттеу жоғары оқу орындарының қалыптасуы, зерттеулерді және инновацияларды басқару механизмдері, сонымен бiрге британдық «бiлiм базасының» инновациялық мәдениетi туралы мәлімет алды. Сондай-ақ, дүниежүзілiк рейтинг агенттiктерінің қолданылатын белгiлері және жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулердi өткiзудің маңызы жеке сессиясында талқыланады.

«Жас Қазақстан мемлекетінің басқа елдердiң, соның iшiнде Ұлыбританияның, тәжiрибесiн талқылауға және зерттеу жоғары оқу орындарына көшу ең лайықты үлгiсiн таңдауға зор мүмкiндiгi бар. British Council және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi ұйымдастырылған семинарлар қазақстандық жоғары оқу орындарының жоғарғы басшылық буыны үшiн кәдеге асатынын және жоғары бiлiм саласында қазақстандық - британдық байланыстарды ары қарай күшейтулерiне қызмет ететінінен үмiттенемiз»,-дейді семинар туралы доктор Марк Грэй.

Семинар наурыздың 2-3 күндері жалғасады.