Көрме 1 сәуір - Халықаралық күлкі күніне орай ұйымдастырылды. Әрбір адам әзілдесуді ұнатады. Бірақ жылдың дәл осы күнінде мұнымен баладан бастап ересектерге дейін барлығы айналысады.
«Фотосуретшілер ара-тұра мұрағаттарын ақтару кезінде, бұрын назарға аса ілікпеген, жоғары көркемәдебиеттік туынды ретінде бағаланбаған фотосуреттерге қарап отырып езу тартады. Олар көңіл-күйді көтереді. Барлығының үйінде мұндай суреттер бар, ол үшін тек мұрағатты ақтару керек. Міне, көрменің идеясы осылай туындады», - делінген таратылған баспасөз айғағында.
Фотосуреттердің авторларымен кездесу бүгін, көрменің ашылуы барысында, сағат 18.00-де өтеді. Көрме жұмысы 18 сәуірге дейін жалғасады.