«Halyk Arena спорт кешенін қайта жабдықтағанымызды білесіздер. Ғимарат ішіне 1 000 жуық төсек жайғастырдық. Алайда, біз кешенді ашпай қоя тұрамыз. Егер емханаларда орын жетпеген жағдайда осы жерде қабылдайтын боламыз. Стационардың қызметкерлері қажетті дайындықтан өтті, дәрі дәрмекпен қамтылды», - деді Б.Сағынтаев.
Мұның алдында спорт кешені инфекциялық стационар болуға қалай дайындалып жатқанын жазған болатын едік.