Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов өз сөзінде велошабандоздарды биылғы турға қатысып жатқандарына алғысын білдіріп, оларға сәттілік тіледі. «Алматы туры» веложарысы биыл екінші рет өткізіліп отыр. Халықаралық велосипедшілер одағы бұл турдың мәртебесін 1.1 санатына көтерді. Енді оған халықаралық кәсіпқой командалар қатыса алады. Бұл сөзсіз, жарыстың беделін де, мәртебесін де арттыра түседі. Енді командалар арасында жарыс барынша тартысты бола түседі деген сенімдемін», - деді А. Есімов.
«Нұрлы тау» бизнес орталығының алдындағы сөреге жиналған командалар таңғы сағат 10:00-де жарыс жолына шықты. Олар 31 шақырымнан тұратын алты айналымды жүріп өтеді. Яғни, жарыс жолының жалпы қашықтығы 186 шақырым. Велошабандоздар әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта жарыса отырып, Мұстафин көшесі тұсындағы айналма жолмен кері бұрылып шығысқа қарай беттейді. әл-Фараби даңғылымен Шығыс айналма жолына шыққан велошабандоздар Талғар бағыты тұсынан айналма жолмен кері бұрылады. Осы айналымды олар алты рет айналады. Мәре сызығы - «Нұрлы тау» бизнес орталығының алды (әл-Фараби даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысы).