17:27, 13 Сәуір 2009
Алматыда халықаралық азық-түлік көрмелері өтеді
АЛМАТЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірдің 15-і мен 17-сі аралығында Алматыда азық-түлік өндірісіне арналған бірнеше көрме өтеді.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Рахат» АҚ президенті Анатолий Попелюшко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған шараны Қазақстанның азық өндіру және өңдеушілер одағы ҚР Ауыл шаруашылығы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізбек. А.Пеплюшконың айтуынша, көрмелерді өткізудегі мақсат - отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін анықтау, сапалы өнім өндірісін дамыту, жаңа өнімдерді таныстыру, өндірушілер арасында іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік жасау.Көрме барысында «Азық-түлік өндірісі үшін жаңа технологияларды жасау және енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өткізіледі. Сондай-ақ түрлі семинарлар, конкурстар, таныстыру рәсімдері, жаңа өнімдермен танысу, аспаздар сайысы сынды шаралар ұйымдастырылмақ.