Цирк өнерінің фестиваліне əлемнің 7 елінен өнерпаздар қатысты. Оның ішінде Беларусь, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан бар. Қазақстан командасының құрамында Астаналық циркі де өнер көрсетті.
«Көрермендеріміз бағдарлама барысында рекордтық трюктерге куə болады. Дəл осы нөмірлермен бізді əлемдік аренада өнер көрсетуге шақырған. Алматы циркінің ең жас əртісі Анастасия Демидова өз бағдарламасымен Монте Карлоға шақырту алды. Бұл цирк артистері үшін Оскар жүлдесіне қатысқанмен бірдей. Фестиваль аясында бұған дейін болмаған қойылымдарды қазақстандықтар алғаш рет тамашалайды», - деді «Астаналық цирк» режиссері Хорлан Жанмырзаева.
Фестивальдің ең үздік өнерпаздары əуе гимнастары, сигвейде ойнайтын эквилибристер, күлдіргі сайқымазақтар, барыс пен көгершін қатысқан қойылымдар көрерменді таңдай қақтырды. Əсіресе сиқырлы көрініс адамның аңға айналатын сəті келушілердің ерекше назарын аудартты. Фестиваль тамыз айының 19-на дейін жалғасады.