Оның айтуынша, биылғы мерейтойлық байқау жаңа деңгейде өткізіледі.
«Байқаудың басты мақсаты - егемендігіміздің іргесін ұстайтын азаматтарды тәрбиелеу. Осындай адал, адамгершілігі мол, мәдениетті, елінің қамын ойлайтын азаматты тәрбиелеу үшін, не керек? Ең бастысы, менің ойымша рухани азық керек. Кітап деген рухани азық керек! Қазіргі балалар интернет және әр түрлі фильмдерден тәрбие алуда. Ал олар керісінше жақсы кітаптар арқылы тәлім-тәрбие алулары тиіс. Сондықтан, бұл байқаудың мақсаты - балаларға кітап жазатын балалар жазушыларына демеу көрсетіп, солардың шығармаларын көптеп шығарып, болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Бұл байқау 10 жылдан бері өтіп келеді. Сол 10 жылдың ішінде бізде 10 жинақ шықты. Биыл мерейтойлық байқау. Сондықтан оны жаңа деңгейде өткіземіз деген жоспарымыз бар. Оған шет елдік қандастарымыз да қатыса алады», - деді Ж. Омарбекова.
«Дарабоз» әдеби байқауы бойынша шығармалар 2015 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады. Шығармалар қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған болуы тиіс. Әр қатысушы байқаудың бір жанры бойынша 3 шығармаға дейін жібере алады. Ал шығармалар проза, поэзия, әңгімелер және ертегілер жанры бойынша қабылданады. Жұмыстарды info@daraboz.org сайтына хат ретінде жолдауға болады.
Сонымен, бас жүлде - Гран-при - 1 000 000 теңгені құрайды. Бірінші орынға 350 мың теңгеден екі орын тағайындалды. Екінші орын бойынша екі жүлдегерге 150 мың теңгеден табыс етіледі. Үшінші орын алған екі жүлдегерге 100 мың теңгеден беріледі. Бұған қосымша, жүлдегерлердің кітаптары белгілі бір таралыммен тегін шығарылады.
Сонымен қатар, бір арнайы жүлде «Балалар әдебиетін дамытуға қосқан үлесі» үшін деп аталады.
Жеңімпаздар белгілі жазушылардан құралған әділқазылар алқасының дауыс беруімен анықталады. Олардың отырысы 25 мамыр күні өтеді.
Жеңімпаздар үстіміздегі 1 маусымда салтанатты кеште марапатталады.