Алматыда Халықаралық джаз фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Сәуірдің 23-26 -да Алматыда дәстүрлі «Халықаралық джаз фестивалі - Алматы-2009» шарасы өтеді. Бұл туралы бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында фестивальдің ұйымдастырушысы, Жастардың джаз мектеп-орталығының директоры Тагир Зарипов айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, фестиваль түрлі елшіліктер мен Алматы әкімдігінің қолдауымен 8-ші рет өткізілгелі отыр.Биылғы шараға «Алматы» жастар джаз- бенді, Розана Витро и бэнд JazzIam (АҚШ), JazzIndeed (Германия), Ондера Фоджана-Шенова Улькера тобы (Түркия), «TWO»дуэті (Франция), сондай-ақ алғаш рет Австрия, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің музыканттары қатысады.Т. Зариповтың айтуынша, «Алматы» жастар джаз- бенді мен жыл сайынғы фестивальдің арқасында Қазақстан көптеген джаз фестивальдері мен форумдарда танымал.