Көрме отандық және шетел баспалары, әдеби агенттер, ТМД, Иран, Қытай елдерінің кітап саудасы ұйымдарының басын қосады деп күтілуде. Қонақтар кітап әлеміндегі жаңалықтар, баспа бизнесінің дамуы саласындағы үрдістер туралы ақпарат алып, өздерін қызықтырған кітаптарды сатып алуға, баспалармен келісімшарт жасасуларына мүмкіндік туады.
Дөңгелек үстел барысында оның қатысушылары Қазақстан мен Ресей кітап нарығының субъектілерімен ынтымақтастыққа байланысты мәселелерді кеңінен талқыламақ. Отырыс аясында ҚР Кітап палатасы мен Приволжск Кітап палатасы арасындағы ақпараттық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
Сөз сөйлегендер екі ел кітап нарығы субъектілерінің бірлескен жұмысы едәуір нығайып, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында арта түсетінін атап өтті. Тараптар өкілдері Қазақстан мен Ресей арасындағы кітап тарату саласындағы ынтымақтастықты жақсарту мақсатында өткізілген бірлескен іс-шаралар туралы сөз қозғап, келешектегі жоспарларымен ой бөлісті.