«Байқаудың ұлттық кезеңінің финалына 10 дизайнер жолдама алды. Олардың эскиздерін Дүниежүзілік сұлулық конгресінің сарапшылары бағалаған. Барлығы 28 азамат байқауға қатысуға ниет танытыпты. 3 жеңімпаз үстіміздегі жылы 20-24 ақпанда Румынияда өтетін «DRESS OF THE WORLD» халықаралық кезеңде ел намысын қорғамақ», - деді «World Beauty Congress» Қазақстандағы ресми өкілі және директоры Эльмира Сейдазимова. Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, Тимишоара (Румыния) курорттық қаласында 40 елдің өкілдері бас қосады. Бұл байқау талантты адамдарды қолдап, олардың жұмыстарына әділ баға беруге жол ашады.
12:30, 24 Қаңтар 2014
Алматыда Халықаралық сәнгерлер байқауының «Best Dress of Kazakhstan» ұлттық кезеңінің ақтық сыны өтті
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет Дүниежүзілік сұлулық конгресінің және «BRANDWORKS» компаниясының қолдауымен «Best Dress of Kazakhstan» Халықаралық сәнгерлер және дизайнерлер байқауының ұлттық кезеңінің ақтық сыны өтті.