Алматыда халықаралық сауданы жеңілдету туралы конференция болады

None
АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 22 сәуір күні «Халықаралық сауданы жеңілдету: реформаларды жүргізу және 2012 жылғы жоспарлар» деп аталатын конференция өтеді.

Оны АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің Сауда мен кедендік реформаларды ырықтандыру жөніндегі (RTLC) аймақтық жобасы ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі түрде жыл сайын болатын бұл конференция биыл 3-рет өтпек.

Оған Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау министрліктері, Кедендік бақылау, Көліктік бақылау, Техникалық реттеу, Салық комитеттері және Қазақстанның кеден декларанттары одағы, Қазақстанның кеден брокерлері қауымдастығы, Кәсіпкерлер форумының өкілдері мен Халықаралық донорлық және қаржылық ұйымдардың қызметкерлері қатысады деп жоспарлануда.

Бұл талқылаулар Қазақстанның Бүкіләлемдік банктің «Бизнесті жүргізу» рейтингіндегі «Халықаралық сауда» көрсеткішіндегі ұстанымын одан әрі жақсартуға арналып отыр.