Алматыда халықаралық жылыжай көрмесі ашылды

АТЫ. Маусымның 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы «Атакент» іскерлік сауда орталығында «Жылыжайлар және жылыжай технологиясы» атты 1-ші халықаралық көрме ашылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

        Көрмеге әлемнің 12 елінен 40 компания қатысуда. Шараны  Қазақстанның жылыжайшылар қауымдастығы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Индустрия және сауда министрлігі, «ҚазАгро» АҚ, «Қазагрофинанс» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

        Мұндағы мақсат - көкөніс, жеміс өндірушілерді, сатушыларды жинап жетістіктерді көрсету, тәжірибе алмасу, жаңа технологиялармен танысу. Көрмеге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев қатысты.