Алматыда «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасына өтініш қабылданып жатыр
«Алматылықтардың «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасына қатысуға тағы да мүмкіндігі бар. 1 маусымнан бастап Алматыда «Халықтың бюджетке қатысуы» аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды. Оларды іске асыру 2023 жылға жоспарланып отыр. Өтінім беру мерзімі budget.open-almaty.kz сайты арқылы 20 шілдеге дейін», - деді Алтынай Төлеутаева.
Ол сондай-ақ, 2021 жылы қала тұрғындарының бастамасымен «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасы бойынша 5,4 млрд теңгеге 256 жоба жүзеге асырылғанын атап өтті.
«Әрбір іске асырылған жоба өзінше бірегей. Қалалықтардың ең жақсы пікірлеріне ие болған жобалар бар. Мысалы, Алатау ауданының «Шаңырақ-2» және «Томирис» шағын аудандарындағы балалар мен спорт алаңдары көпшіліктің көңілінен шықты», - деді спикер.