Алматыда хайуанаттар бағының қолтырауындарын қызметкерлер жұрттың көзінше тамақтандырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Хайуанаттар бағында алғаш рет қолтырауындарды тамақтандыру «рәсімі» шоу ретінде көрсетілмек. Мұндай тәсіл әлемдік тәжірибеде бар көрінеді.

«Хайуанаттар бағының көптеген қонағы біздің қолтырауындарды «қуыршақ» жасанды деп ойлайды. Жалпы, қолтырауын  табиғатын салқын қанды. Көп қимылды ұнатпайтын, тәбеті ауа райына қарай ашылатын аң. Ол үшін ауа температурасын не төмендету, не жоғарылату керек. Теледидардан көргенде олардың жыртқыштығын байқап, зообақта қимылсыз жатқанына көп сене бергіміз келмейді. Сондықтан, біз оларды жұрт көзінше тамақтандырып, олардың қаншалықты күшті, жыртқыш аң екенін көрсеткіміз келеді», деп хабарлады  Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметінен.

Қолтырауынды тамақтандыру әр апта сайын сәрсенбі күндері сағат 15:00, 16:00-де өтеді. Бірақ, оның тамақтануы ауа райына байланысты болатынын алдын ала ескертеміз.