Мұнда бүгін хайуанаттар шеруі өтті. Баққа келген үлкен-кіші қауым жануарлармен суретке түсіп, мәре-сәре болды. Көктемнің шуақты мейрамында қысқы мекендерін тастап, шеруге шыққан жануарлар керуені халықтың қошеметіне бөленді. Керіктердің мекенінде жыртқыш құстар - бүркіт, сұңқар, дала қырандары аңшылық өнерін паш етіп, шоу көрсетті. Айта кетейік, бүгін Алматының орталық демалыс саябағында Наурыз мейрамы тойланды.
17:06, 22 Наурыз 2015
Алматыда хайуанаттар керуені өтті (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зообағы бүгін Наурызды ерекше тойлауда.