деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған бұл шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, АҚШ және Оңтүстік Корея елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдары қатыспақ. Конференцияның басты мақсаты қазақстандық және шетелдік ғалымдарды жоғары білім мен ғылым саласындағы ықпалдастық мәселелерін талқылауға топтастыру. Онда ғылымның әртүрлі саласының болашақ ғылыми-техникалық үлгілері, инновациялық білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету және білім беру бағдарламалары мен технологияларының жетістіктеріне қатысты тәжірибелерді бөлісіп, пікір алмасу болады. Алқалы басқосудың алғашқы күні Қазақстандағы университеттік білім беруді дамытудың өзекті мәселелері жайында баяндамалар жасалып, жоғары білім берудің қазақстандық үлгісі талқыланады. Ал келесі күні білім мен ғылымның ұлттық міндеттері мен әлемдік ағымдары сөз болады деп жоспарлануда. Конференция соңында оған қатысушылар елдегі жоғары білім беруді одан ары жетілдіруге қатысты өз ұсынымдарын қабылдамақ.