«2017 жылдың 16 қаңтарында Алматыдағы Алатау ХҚКО-да 1964 жылы туған Жарас Кунтаков есімді азамат қайтыс болды. Марқұм жолдасымен бірге ХҚКО-ға «мекен жай бойынша азаматтарды тіркеу» талабы бойынша сағат 9:30-да келген. Бұл уақытта аталған ХҚКО-да халық көп жиналмаған. Ол жолдасы құжаттарды толтырып жатқан уақытында электронды кезек талонын алмақ болған, алайда оны алып үлгерместен 09:42-де өзін нашар сезіне бастаған. Оған ХҚКО-да кезекшіліктегі дәрігерлер дереу медициналық көмек көрсетті. 09:52-де «Жедел жәрдем» көлігі келіп жеткен. Алайда, дәрігерлер оның жанына араша түсе алмады», делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» хабарламасында.
Сонымен қатар, аталған корпорация созылмалы сырқаты бар жандарға ХҚКО-ға кісі көп жиналған уақыттарда бармауға кеңес берді.
Еске сала кетейік, 11 қаңтар күні Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі ХҚКО-да Боралдай аулының тұрғыны қайтыс болған.