Алматыда ІІ Халықаралық «Four Э» эко-этнофестивалі өтеді

None
АЛМАТЫ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы маңында 17-19 тамызда ІІ Халықаралық  «Four Э» экологиялық-этникалық фестивалі  болады.

Оны Сноуборд және экстремальды спорт түрлері федерациясы, Матипати  жобасы, FUNK Креативтік  агенттігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Фестиваль өз тәні мен рухын дамытуға қызығушылық білдіретін шығарашылық тұлғалары, музыканттар, суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, қолөнершілер, саяхатшылар мен салауатты өмір салты бойынша сарапшылардың және өзге де қарапайым азаматтардың басын қосады. Былтыр бұл шараға 6 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар бұл жолы қатысушылардың  саны бұдан әлдеқайда көп болады деп жоспарлауда.

Жалпы экологиялық-этникалық фестиваль бағдарламасы дәстүр бойынша 4 түсті аймаққа бөлінген. Қызғылт сарысы - этникалық музыкаға, жасылы - авторлық дизайн бойынша шеберлік дәрістеріне, күлгіні - тән мен рухты дамытушы мамандарға, қызғылты - балалардың білім беру орталығына берілмек. Онда  биыл Ресейден Сергей Чик пен «Иволга» тобы, Қырғызстаннан  Алевтина Баталова, Украинадан  «ОдноНо» жобасы ал Қазақстаннан «HaPaNaSaSa» тобы өнер көрсеткелі отыр.