Естеріңізге сала кетейік былтырғы жылы «Eventica Group» компаниясының ұйымдастыруымен алғашқы бал өткен болатын. Жалғасын тапқан биылғы балға итальялық тенор Алессандро Сафина қатыспақ. Эван Макгрегор, Элтон Джондармен дуэт болып шырқап жүрген әйгілі әнші алматылық балда Luna әнін орындайды. Сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева мен бірге бірнеше ән орындамақ. Балда бұнымен қатар Ұлыбританиялық Touch & Go джаз тобы мен апалы-сіңілілі Бековалар дуэті өнер көрсетеді. Шараға құрметті қонақ ретінде әнші Патрисия Каас, Татьяна Арнтгольц, Иван Жидков, Иван Николаев, Вера Брежнева сынды ресейлік өнер жұлдыздары, әйгілі Джеймс Бондтың рөлін сомдаушы британдық актер Сэр Роджер Мур, Әлем аруы, ЮНИСЕФ-тің Ерікті елшісі Оксана Федорова, музыкант Петр Дранга шақырылған.
13:48, 06 Қыркүйек 2010
Алматыда ІІ қайырымдылық балы өтеді
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қарашаның 20-сы күні Алматыда ІІ қайырымдылық балы өтеді.