Оған - электроэнергетика және энергия жинақтаушы технологиялар; Мұнайгаз өнеркәсібі; Металлургия өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар; Су шаруашылығы; Көлік инфрақұрлымы; Құрылыс; Жоғары технологиялық және инновациялық салалар; Телекоммуникация және байланыс; Ауыл шаруашылығы мен құрылыс техникалары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау нысандары құрылысы; Техникалық құралдарды қолдану бойынша кәсіпкерлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Тамақ өнеркәсібі тақырыптары бойынша 100-ден астам кәсіпорын өз өнімдерімен қатыспақ. ҚР Сауда- өнеркәсіп палатасы таратқан хабарламаға қарағанда, көрменің ашылу рәсімінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Экономикалық ықпалдастық министрі Жанар Айтжанова, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников және Қазақстан мен Ресей сауда- өнеркәсіп палаталарының өкілдері болады деп жоспарлануда. Көрме аясында сондай-ақ, «Қазақстан, Қырғызстан, Ресей: экономикалық ынтымақтастықтың келешегі» деп аталатын халықаралық конференция және 26-27 мамыр күндері саясаткерлер мен бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел жиындары мен іскерлік кездесулер жоспарлануда.
17:02, 23 Мамыр 2011
Алматыда ІІ Қазақстан-Ресей көрмесі өтеді
АЛМАТЫ. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 25 мамыр күні ІІ Қазақстан-Ресей «Expo-Russia Kazakhstan 2011» көрмесі ашылады.