Медиа-құрылтай - жыл сайынғы Қазақстан баспасөз клубының ұйымдастыруымен өтетін медиа-нарықтың дамуы мәселелерін талқылайтын ірі халықаралық конференция болып табылады. Биылғы отырыс медиа-саланың стратегиялық дамуына арналып отыр.
Соңғы 2 жылда медиа-құрылтай өзінің қажеттілігі, тиімділігі және өткірлілігін дәлелдеп отыр. Онда медиа-индустрия көшбасшылары, бас редакторлар мен журналистер, шенеуніктер, сарапшылар және инвесторлар бұл саланың дамуына қатысты сұрақтарға жауап іздейді. БАҚ секторындағы табысты стратегияларының тәжірибелерімен алмасады. Сонымен қатар, күрделі мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырады. Осы саладағы медиа ұйымдардың кәсіпқойлылығы мен күшеюіне байланысты білімдерін толықтыратын болады.
Медиа-құрылтай өткен 2 жылдағы қатысушылар мен сарапшылардың еліміздегі өзекті мәселелерді көтеруіне қатысты жоғарғы бағаларын алып үлгерді. Өткен жылы конференцияға еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам адам қатысып, шара Ресей мен Қазақстан БАҚ-тарында кеңінен жарияланған болатын.
Биыл да аймақтық БАҚ өкілдерін қоса алғанда 150-дей қатысушы келеді деп күтілуде. Конференцияға шақырылғандар арасында ресейлік және шетелдік медианы дамыту шеңберіндегі мамандар бар.