АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ТҮркісіб ауданында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Иіс тиіп уланған 48 жастағы азамат ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 13 маман мен 4 техника тартылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.