Еске салайық, мамыр айының басында Абылай хан даңғылы, 59/61 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетіндегі қар барысының муралы «Coca-cola Қазақстан» компаниясының жарнамалық муралына ауысқан болатын.
«Coca-Cola Қазақстан» компаниясы тұрғындардан кешірім сұрап, мурал қайта қалпына келтірілетінін айтты.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қаладағы муралдар мәселесіне қатысты өз ойын білдірген еді.
«Қаладағы муралдарға ресми мәртебе беру қажет, әйтпесе, муралдардың мәселесі шешілмейді. Қазіргі таңда Алматының дизайн-кодын әзірлеу жұмысы бітуге жақын. Онда муралдар жеке болады, ал жарнаманы орналастыру мен басқа да өзгерістер қалалық құрылыс және урбанистика басқармасымен келісілуі тиіс», - деген болатын Ерболат Досаев.
10:56, 20 Маусым 2023
Алматыда ілбіс бейнеленген мурал қайта қалпына келтірілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Абылай хан даңғылы, 59/61 үйдің қабырғасына Ілбіс (қар барысы) қайта салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.