Жандарбек Бекшин тамыз, қыркүйек айларына болжамын айтты.
«Әрине, ауру деңгейіне болжам жасап отырамыз. Науқастар саны ең көп болатын кезең - тамыздың басы мен ортасы. Сондықтан вирус жұқтырғандар саны қыркүйектің басында азаяды деп отырмыз», - деді Жандарбек Бекшин.
Ол қала тұрғындары мен қонақтарын халық көп жиналатын орындарға бармауға, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауға шақырды.
Бұған дейін ол Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін және ауру екі есеге өскенін айтқан болатын.