Алматыда «Ине-жіп» атты көрме өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда «Ретро» галереяда наурыз айының 31-і күні, аталмыш галереяның 18 жылдығына арналған «Ине-жіп» атты көрме өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге балалар суреттері мен кесте жұмыстары қойылады. "Кесте тігу өнері қазір қайта жанданып келеді. Ондай өнер түріне арналған арнайы сайттар, интернет дүкендер, жеке басылымдар да бар. Менің өзім кесте тігуді қайта бастадым, кіші немерем де инені қолына алып, менен үйреніп жүр", деді «Ретро» галереясының директоры Надежда Полонская.

Оның айтуынша, көрмедегі экспозициялар терең ойды көрсетуге тырыспайды. «Біз жай ғана әркімнің айналысуына мүмкіндігі бар қызығушылықты, өз қолымыздан шыққан туындыларды көрермен назарына ұсынып, көрсеткіміз келеді», деді Надежда Полонская.