Алматыда Іnfoalmaty порталына блокпостан өтуге 100 мың өтінім түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда блокпостан өту үшін облыс тұрғындарынан infoalmaty порталына 100 мыңнан аса өтінім түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«www.infoalmaty.kz порталына 2020 жылдың 12 мамырынан түскен өтініштер Сергек базасына берілді. Бұл мәліметтерде кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар мен Алматыда тіркелген тұрғындардың аты жөні көрсетілген. Қайтарылған өтініштерді түзетіп қайта тапсыруға болады», - деді Алматы Бизнес-штабының телеграм каналында.

Блокпостарды кесіп өтуге 13-14 мамырдан берілген өтініштерді де штаб өкілдері қарап, өңдеуге жіберді.

«Өтініштердің көп түсуіне байланысты техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, синхронизация процесі кешкі 7-8 аралығында аяқталады деп ойлаймыз», - деді штабтан.

«Сергек» жүйесінде екі база бар. Біріншісі - планшет арқылы қаланың ішіндегі азаматтардың жүріс тұрысы бақыланады. Екіншісі арқылы блокпост арқылы өтетін азаматтар тексеріледі.