Алматыда инкассаторларға шабуыл жасалды

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда инкассаторлық көлікке шабуыл жасалып, бір қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz ақпараттық порталы.

Порталдың хабарлауынша, оқиға қалалық прокуратураның дәл түбінде, Бөгенбай батыр мен Чайковский көшелерінің қиылысында орын алған. «Шабуыл жасаушылар инкассаторлардың қолындағы қарумен инкассаторлардың бірін өлтірген. Екі жақтан да болған атыс кезінде шабуыл жасаушылардың бірі жараланып, болмаса қаза тапқан. Қарақшылар оқиға орнынан «Toyota Camry» көлігіне отырып, із жасырған. Қазіргі кезде қалада «Ізг түсу» жоспары жасалынып, қылмыскерлер іздестірілуде. Сағат 14.56-дан бастап, қалада «Сирена» жедел шарасы іске қосылған. Оқиға орнында қалалық ІІД-нің басшылары келген»,- дейді порталдың хабарламасында.

Ал қалалық ІІД - нің баспасөз қызметі бұл іске қатысты ешқандай ақпарат жоқтығын хабарлап отыр.