Алматыда инкассаторлық көлік жол апатын жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысына жақын жерде Ford Ranger инкассаторлық көліктің жүргізушісі жолды бөлетін металды конструкция мен екі жеңіл көлікті соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Motor.kz-тің жазуынша, «Форд» жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен қаланың батыс бөлігіне қарай қозғалып келе жатқан және кейбір ақпараттарға сәйкес, рульде қалғып кеткен-мыс. Осының салдарынан брондалған көлік «кедергіні» бұзып өтіп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен және шығысқа қарай бет алған Mercedes-Benz W124 және VW Passat Variant машиналарымен  соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Германиялық универсалдың жүргізушісі Ranger көлігінің рулінде бойжеткен болғанын және ол жол-көлік апатынан соң оқиға орнынан бой тасалағанын хабарлады.