Сондықтан жастарды сапалы кітаптармен қамтамасыз етіп, шетелдік ЖОО мен байланыс орната отырып тәжірибе алмасқан жөн. Бұл жайында профессор Рахман Алшанов конференция барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Р.Алшановтың айтуынша, бүгінгі шараның мақсаты білім саласындағы шетелдік және өзіміздің мамандардың тәжірибесін ұштастыра отырып, келешекте бір жүйеге келтіру.
«Қазір дарынды, талантты балалар көп, міне соларға жағдай жасауымыз керек. Өйткені білім саласында қазір бұрынғыдай қатып қалған жүйе жоқ, білім саласында күнделікті жаңалықтар ашылып, дамып барады», дейді Р.Алшанов.
«Қазір білім, ғылым дамуының маңызы қоғам дамуында өсіп келе жатыр. Қоғамның, елдің болашағы тікелей білімнің дамуына байланысты. Білімді дамыту үшін алдымен өз еліміздегі мүмкіндіктерді толығымен пайдалануымыз керек. Мысалы, білім жүйесін басқару осы күнге дейін жеке мәселе ретінде қаралмай келе жатыр. Шын мәнісінде білім де басқа бір сала сияқты үлкен жүйе, сондықтан оған мемлекеттің назары, көмегі керек. Міне осы жүйені мемлекеттік тұрғыда дамыту үшін қандай проблемаларды шешіп, не істеу керек деген сияқты мәселелер осы шарада қаралып жатыр», дейді ҚазҰПУ-дің есеп және аудит кафедрасының профессоры Көпжасар Нәрібаев.
Сәуірдің 15-не дейін жалғасатын аталмыш шара ҚазҰПУ-де өтіп жатыр. Оған Ураина, Канада, Жапония, Ұлыбритания мен Германия және тағы басқа елдің өкілдері қатысып, елдеріндегі білім саласы жүйесімен және сол салада жеткен жетістіктері жайында баяндап, тәжірибелерімен бөлісуде.