НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда ҚХР азаматының 10 мың доллар ақшасын заңсыз иемденген арнайы жедел әрекет ету жасағының 4 инспекторы анықталды. Бұл туралы онлайн брифингіде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның сөзіне қарағанда, Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, арнайы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) аға инспекторының қылмысын әшкереледі.
Белгілі болғандай, күдікті инспектор Полиция департаментінің лауазымды қызметкерлеріне пара бергізуге ҚХР азаматын итермелеген.
Ол қылмыстық қудалау тоқтатылады деген желеумен қытайлық азаматтың 10 мың АҚШ доллары сомасындағы қаржысын алдап иемденіп алған.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.