Алматыда интерактивті діни картасына 40 қоңырау түскен

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2 жыл бұрын ашылған интерактивті діни картасына 40 қоңырау түскен. Адамдар көбінесе тіркелген заңды діни бірлестіктердің орналасу аумағын білу мақсатында хабарласып, заңсыз сатылымдағы діни әдебиеттер мен атрибуттар, миссионерлік қызметпен айналысатын күдікті тұлғалар мен бірлестіктер туралы ақпаратпен бөліскен.

«Social DevelopmentCenter» қоғамдық қорының атқарушы директоры Қазтұрғанов Біржан аталған ресурстыңқойылған мақсаттың үдесінен шыққанын айтты.

«Қазіргі заманауиқоғамда жастар арасында дін, діни догмат, діни нышан, діни сана-сенім,діндарлықтың табиғи және жасанды үдерісі белең алып жатыр. Бұл жердегі бастымақсат – халықтың сана-сеніміне қоғамдағы тіркелмеген діни ұйымдар мендеструктивті ағымдардың теріс ықпал әрекеттерінен дін тұрғысында максималдықжәне сенімді мағлұмат жеткізу. «Алматы қалалық Интерактивті діни картасы»жобасы осы мақсатпен құрылды. Бұл толықтай ақпарат енгізілген электрондықпортал болып. Картада қала аумағында тіркелген барлық діни бірлестіктер туралықажетті анықтамалар, мәліметтер (мекен-жайы, байланыс, қызметкерлері, тіркеужәне қайта тіркеу күні, діни ұйымға келушілердің орташа саны туралы мәлімет),діни ғимараттар, олардың қасбеті мен интерьер суреттері, діни әдебиеттердітаратуға рұқсат етілген жерлер, Алматы қаласы төңірегінде өз қызметін жүзегеасыруға рұқсат алған миссионерлер туралы деректер көрсетілген», - деді БіржанҚазтуғанов.

Сонымен қатар, бұлресурстың діни экстремизмнің алдын алуда ықпалы тиіп жатыр.

Кез-келген адамбүгінде religionmap.kz сайты арқылы заңсыз тұрғыда миссионерлік қызмет пен діниәдебиет таратуда және басқа да заң бұзушылықтар туралы хабарлай алады.

«Ол үшін ақпараттыстандарттық форманы толтыру керек, оның негізінде WhatsApp, Telegram және Viberсияқты немесе басқа да мессенджермен өтініш қалдыра алады. Яғни, қалатұрғындары әртүрлі радикалды идеология мен экстремистік діни іліммен күресумақсатында деструктивті діни ағымдардың проблемалары мен құқық бұзушылықтарытуралы хабардар етіп, ерікті көмекшіге айналады», - деді спикер.

Оның айтуынша,«Social Development Center» Қоғамдық Қоры жобаны жүзеге асырғалы бері 40-танастам өтініш religionmap.kz сайтына месенджер арқылы келіп түсті. «ӨтініштерҚоғамдық даму басқармасының қарауына жіберілді. Қала тұрғындары мен қонақтарыбелгілі немесе сол аумақта тіркелген заңды діни бірлестіктердің орналасуаумағын білу мақсатында хабарласып, заңсыз сатылымдағы діни әдебиеттер менатрибуттар, миссионерлік қызметпен айналысатын күдікті тұлғалар менбірлестіктер туралы ақпаратпен бөліседі. Мұндай бірегей жобаның ТМД аймағында баламасыжоқ. Адамдар арнайы хабарлама қалдырып, деструктивті ұйымдар туралы мәліметқалдыра алады», - деді ол.

Бұл карта 2017 жылықыркүйекте ашылған болатын.


Сарапшылардыңайтуынша, діни экстремизм идеологиясының таралуына көптеген себептер менфакторлар бар. Олардың қатарында жергілікті халықтың діни сауаттыныңтөмендігін, жергілікті тұрғындардың қала (мемлекеттер) территориясында әрекететіп жүрген діни ұйымдардың қызметтері жайлы хабарсыздығын, ғаламтордағыдеструктивті ағым мүшелерінің белсенді әрекетін атап өтуге болады. Бүгінгі күніәртүрлі радикалды және экстремистік діни ағымдардың, сонымен қатар деструктивтідіни ғұрыптардың таралуы, қоғамның бейбіт дамуына және тұрақтылығына төніптұрған ең үлкен қауіптердің бірі болып отыр. Әсіресе, қоғамда дінге дегенқызығушылықтың өсуіне байланысты бұл өзекті мәселеге айналды. Алматыныңинтерактивті діни картасы осы мәселені шешуге арналған.

Соңғы жаңалықтар