Алматыда инватакси саны 2 есе көбейтілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда инватиакси саны 100 дейін артты. Бұл туралы Ерболат Досаев Ал малы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысының айтуынша, инватакси қызметін қаржыландыру мәселесі қайта қаралатын болады. «Инватакси ерекше қажеттіліктері бар 1,5 мың азаматқа мегаполис шегінде қызмет көрсететін. Көліктің жетіспеуі көрсетілетін қызметтің сапасына әсер етті. Мәселені шешу үшін олардың саны 2 есеге, яғни 100 машинаға дейін көбейтілді»,- деді ол. Айта кетейік, мегаполисте инватакси қызметін айына 1 500 ересек және 357 мүмкіндігі шектеулі бала пайдаланады.

Қазіргі уақытта қалада 53 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 8 151.