Тапсырмаға орай, қаланың инженерлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, тұрақты және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инженерлік желінің кезекшілік жоспарын қайта қалыптастыру әрі бірыңғай кадастрлы электронды базасын жасау туралы шешім қабылданды. Қаланың инженерлік желісінің кезекшілік жоспарын жасау ісі 2011 жылдың аяғында толық қалыптасатын болады деп жоспарлануда.
Бұдан өзге, кеңесте негізгі магистральдарға қатысты жұмыстарды барынша сапалы жүргізу, жасалған инженерлік желілерді топырақ астында ретсіз қалдырмауды қатаң бақылауға алу қажеттігі де атап көрсетілді.