Алматыда инженерлік желілерді жөндеу тұрғындарға қолайсыздық туғызбайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда инженерлік желілерді қайта қалпына келтіру жұмыстары тұрғындарға кедергі келтірмейді. Бұл жұмыстар жыл сайын жылыту маусымы алдында жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық дамубасқармасының хабарлауынша, инженерлік желілерге жөндеу жұмыстары жоспарға сайжүргізілуде.

«Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан желілерге қосылған үйлердің тұрғындарынақолайсыздық тумайды. Алматылықтар үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Бүгінгікүні құбырлар ауыстырылуда. Десекте, тұрғындарға ыстық су беру тоқтылған жоқ.Суды тұтынушыларға уақытша схемалар арқылы жеткізіп отырмыз», - дейді Алматықаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы ӘсетМасабаев.

Мұндай тәсіл бірден бірнеше мәселені шешеді. Алматылықтарға толыққандыжәне сапалы комммуналдық қызмет көрсетумен қатар, қаржылық және техникалықжағдай да жақсарады. Бұл әрине көрсетілген коммуналдық қызмет төлемдерінебайланысты, дейді ол.

Алайда,техникалық тұрғыдан мүмкін емес немесе қымбат тұратын нысандар да бар. Мысалы,тұрғын үй қайта қалпына келтірілген жылу магистральынан үлкен қашықтықтаорналасса, оны басқа желіге ауыстыру техникалық жағынан мүмкін емес жәнеуақытша құбыр салу тұрақты құбыр салуымен теңестіріледі.

Суық сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінде мұндай проблемалар жоқ.Өйткені, бұл желілерді жөндеу кезінде тұтынушыларға тоқтаусыз су беріледі. Бұл басқа кесте бойынша іскеасырылады.

Сондай-ақ, басқарма басшысы әлеуметтік желіде тараған «Жөндеу жұмыстарыкезінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға узақ уақытқа дейін коммуналдыққызмет көрсетілмейді», деген ақпараттыжоққа шығарды.

«Ыстық және суық суды ұзақ уақытқа сөндіру қалада болған жоқ. Аракідікорын алатын төтенше жағдайлар тез арада шешіледі. Тозған инженерлік желілерістен шыққанда бірден қалпына келтіруге тырысамыз. Қазіргі заманғытехнологиялардың көмегімен апатты жою және жылу, сумен жабдықтауды қалпынакелтіру уақыты орташа есеппен 6-7 сағатқа дейін қысқарды»-дейді басқармабасшысы.

2014 жылдан бастап жылу желілерінің тозуы 63,5% -дан 61,3% -ға дейін төмендеді, алмагистральды жылу желілерінің зақымдануы 37% -ға азайды.

Соңғы 5 жылда Алматыда 103,8 шақырым магистральды жылу желілері қайтақұрылды, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 28,6 км ауыстырылды.