Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала жолдары мен инженерлік коммуникацияларды жөндеу бойынша көшпелі кеңес өткізіп, қалалық инженерлік коммуникацияларды жаңарту жұмыстарын тексерді.
Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ермек Үсенбаев биылғы жылы 172 қазу жұмыстарының жүргізілетінін жеткізді.
«Жұмыстардың барлығы тұтынушыларды электрден, жылудан, судан ажыратпай жүзеге асырылады. Бақылауға алынған 66 қазылған ор-шұңқырдың жыл қорытындысы бойынша 40-ы бұрынғы қалпына келтірілді, 26-ы өтпелі. Арнайы құрылған жұмыс тобы 30 нысаннан ақау тапты. Мердігерлерге сәуір айының соңына дейін барлық ақауларды жою туралы тапсырма берілді», - деді Ермек Үсенбаев.