Оны Иранның ҚР-дағы Елшілігінің мәдениет өкілдігі ұйымдастырып отыр. Мәдени шара Ирандағы Ислам революциясы жеңісінің 33 жылдығына арналған.
Көрмеде Иранның бар байлығын паш ететін 100-ге жуық картиналар, фотосуреттер мен басқа да жәдігерліктер қойылады. Ол картиналарда елдің әсем табиғаты, тарихи ескерткіштер сомдалған. Сондай-ақ, ирандық шеберлердің қолданбалы қолөнер бұйымдары мен Иран жайлы танымдық кітаптар да көрмеде орын табады. Сонымен бірге, онда әр тақырыптағы деректі фильмдер мен слайдтар көрсетілетін болады.